10.05.2007, 14:23 2478

ШҰҒЫЛ: КТК ТЕЛЕКОМПАНИЯСЫНА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАЛДЫ

Алматы. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін 11 сағат 30 минутта КТК телекомпаниясына қарақшылық шабуыл жасалды. Белгісіз біреулер телекомпанияның Республика алаңы 13 үйде орналасқан кешеніне басып кірген. Шабуыл нәтижесінде компанияның қызметкері Иван Лихоузов ұрланды. Ол кейінгі кездері телекомпанияның бір бөлімшесін басқарған.

Иван Лихоузовты әлгілер автокөлікпен белгісіз жаққа алып кеткен. Көліктің мемлекеттік нөмірі мен белгілері мемлекеттік мекемелерге хабарланды.

Бұл оқиға И.Лихоузовтың бұрынғы жұмыс орнына байланысты болуы ықтимал. Жуырға дейін ол президенттің күзет қызметінде жұмыс істеген.

Ұрланған адамның жүрген жері мен жағдайы туралы ақпарат жоқ. Телекомпания басшылығы Бас прокурор мен ішкі істер министріне қылмысты жедел тексеру жөнінде өтініш жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны