22.07.2019, 19:26 153975

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде

Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде "құсу массасының механикалық асфиксиясынан", яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар.

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын жүргізуде.

Сараптаманың алдын ала қорытындысы бойынша жасөспірім қыздың өлімі құлау нәтижесінде "құсу массасының механикалық асфиксиясынан", яғни өз құсығына тұншығып қалу салдарынан болуы мүмкін делініп отыр. Себебі оның ішкі құрылысында шайқалу белгілері бар.

Сонымен қатар, сараптама оның денесінен зорлық-зомбылық белгілерін таппаған.

Қазіргі таңда істің мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Іс бойынша тергеп-тексеру амалдары Шымкент қаласы прокуратурасы мен Полиция департаменті басшылығының жіті бақылауында.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сай тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны