18.07.2008, 17:33 2748

Сычуаньда магнитудасы 4,1 балл болатын жаңа тербелістер тіркелді

Сычуаньда магнитудасы 4,1 балл болатын жаңа тербелістер тіркелді

Алматы. 18 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Сычуань провинциясының Цинчуань уезінде бүгін таңертең Пекин уақытымен 09.26-да магнитудасы 4,1 балл болған жаңа жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі newsru.com ақпараттық ресурсына сілтеме жасай отырып.

Қытайдың сейсмологиялық басқармасының ақпаратына сүйенсек, аталмыш провинцияның Мяньчжу уезінде бүгін Пекин уақытымен 00.40-та магнитудасы 4,6 баллдық тербеліс тіркелген. Құрбан болғандар мен қирандылар жайында әзірге хабар келіп түскен жоқ.

Сонымен қатар, кеше Пекин уақытымен 06.58-де Солтүстік-Батыс Қытайдағы Цинхай провинциясындағы биіктігі 5180 метр болатын Танг-ла асуының маңында қуаты 5,3 балл болған жер сілкінісі болған. Сондай-ақ, өткен сейсенбіде Мяньчжу уезінде 5 және 4,2 балл жер сілкіністері тіркелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны