05.01.2012, 14:51 3480

СҚО бір жарым жасар бала үсіп өлді

Аққайың ауданы Рублевка ауылында қараусыз қалған бір жарым жасар бала далаға шығып кетіп, үсіп қалған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Петропавл. 5-қаңтар. Kazakhstan Today - СҚО бір жарым жасар бала үсіп өлді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Аққайың ауданы Рублевка ауылында қараусыз қалған бір жарым жасар бала далаға шығып кетіп, үсіп қалған. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Келесі күні баланың мәйіті көрші үйдің ауласынан табылған.

Тергеу барысы анықталғандай, бір жарым жасар бала үйінде әкесімен қалған. Сағат 19:00 шамасында мас әкесі көршілерін Жаңа жылмен құттықтауға шығып кетіп, баланы үйде жалғыз қалдырыпты. Даладағы шаруаларын тындырып, үйіне оралған анасы үйде ешкімнің жоқ екенін көргенімен, бала жоқ деп дабыл қақпаған. Ол бала көрші тұратын әжесіне кетіп қалды деп ойлаған.

Келесі күні 11:00 шамасында оған ұлының мәйіті көрші үйдің ауласынан табылғандығы жөнінде хабар жетеді. Белгілі болғандай, ұл бала үйден шығып кетіп, қарсы тұратын әжесінің үйіне қарай бет алған. Болжам бойынша, ол өздігінен үйдің сыртқы есігін аша алмай, далада қалыпты. Таңертен үсіп қалған баланың денесін зейнет жастағы қартты жаңажылдық мерекесімен құттықтауға келген көршілері тауып алыпты. Баланың әкесі бұл сәтте де көрші үйдегі отырысын тоқтатпаған.

Аталған оқиға бойынша тергеу алды шаралары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны