06.10.2010, 14:45 3056

СҚО мен Алматы облысында шыққан өрт екі адамның өмірін қиды

СҚО мен Алматы облысында шыққан өрт екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 6 - қазан. Kazakhstan Today - СҚО мен Алматы облысында шыққан өрт екі адамның өмірін қиды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 03.39 Петропавл қаласындағы 5 қабатты тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт 18 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өрт сөндіру барысында үйден 25 адам, оның ішінде 3 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт ошағынан 82 жастағы әйелдің денесі табылды, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 6 маман мен 1 техника жұмылдырылған.

Сонымен қатар, ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 09.59 Алматы облысының Талғар ауданының Еркін аулындағы үйде өрт шығып, 3 шаршы метрді шарпыған.

Өртті жергілікті тұрғындар сөндірген. Өрт сөндіру кезінде 54 жасар еркектің денесі табылған,- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны