12.02.2008, 10:24 1237

СҚО мен Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза болды

СҚО мен Қарағанды облысында өрт салдарынан екі адам қаза болды

Алматы. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында өрт салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Қазақстанда ТЖМ мәліметтері бойынша, сағат 05.30 минутта Теміртау қаласында өртті сөндіру барысында адамның мәйіті табылды. Өрт ТЖМ өрт сөндіру қызметінің күшімен сағат 5.58 минутта ауыздықталды. Бұл жұмысқа 8 адам және 2 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, СҚО облысының Келлеровка кентінде 11 ақпанда сағат 15.33 минутта жайлаған өртті сөздіру кезінде, бір адамның денесі табылды. Тілсіз жау ҚР ТЖМ өрт сөндіру қызметінің 5 адамы және бір техникасын жұмылдыру арқасында сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны