10.06.2010, 13:04 2628

СҚО мен ШҚО көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 01.30 ШҚО Ғ. Мүсірепов ауданында Алматы - Екетеренбург тасжолының 80-шақырымында "Ауди" көлігі аударылған.

Астана. 10-маусым. Kazakhstan Today - СҚО мен ШҚО көлік апатынан екі адам қаза тауып, төрт адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 01.30 ШҚО Ғ. Мүсірепов ауданында Алматы - Екетеренбург тасжолының 80-шақырымында "Ауди" көлігі аударылған.

Көлік апатының салдарынан 18 жастағы жүргізуші мен 20 және 21 жастағы жолаушылар ауруханаға жеткізіліп, тағы бір 18 жасар жолаушы қаза болды.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 09 маусымда ШҚО Риддер қаласының Айдарханов көшесінде "Ниссан" көлігі аударылған.

Соның салдарынан 22 жасар жүргізуші ауруханаға жеткізіліп, 39 жасар еркек ауруханада көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны