14.09.2010, 13:55 2960

СҚО мотоциклдың багында бензиннің бар-жоғын сіріңкемен тексермек болған үш азамат зардап шекті

СҚО М. Жұмабаев атындағы ауданның Ганькино аулында мотоциклдың багында бензиннің бар-жоғын сіріңкемен тексермек болған үш азамат зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 14 - қыркүйек. Kazakhstan Today - СҚО М. Жұмабаев атындағы ауданның Ганькино аулында мотоциклдың багында бензиннің бар-жоғын сіріңкемен тексермек болған үш азамат зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, "кеше сағат 07.40 Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданындағы Ганькино ауылында 27 жастағы азамат "Орал" мотоциклының багында бензиннің бар-жоған сіріңкемен тексермек болған кезде бензиннің ауадағы тамшыларынан жалын лап еткен".

Соның салдарынан тексермек болған 27 жастағы азамттың өзі мен оның жанындағы 30 және 32 жастағы азаматтар күйік шалып, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны