23.02.2011, 11:51 3585

СҚО шыққан өрт салдарынан зейнеткер әйел мерт болды

СҚО бір қабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан зейнеткер әйел мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 23 - ақпан. Kazakhstan Today - СҚО бір қабатты тұрғын үйде шыққан өрт салдарынан зейнеткер әйел мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, Шал ақын ауданының Ақан ауылындағы бір қабатты тұрғын үй өртенген. Тілсіз жау 12 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Өрт орнынан 69 жастағы Ж. Ибдірова деген зейнеткердің денесі табылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны