14.09.2011, 10:00 3138

СҚО ТОН-2 құбырында болған апат салдарынан мұнай төгілді

Петропвавл қаласынан 3 шақырым жерде "ҚазТрансОйл" АҚ Шығыс филиалының Солтүстік Қазақстан мұнай құбыры басқармасының ТОН-2 (Таймыс-Омбы-Новосібір) мұнай құбырының 1056-шы шақырымында құбыр жарылған.

Астана. 14-қыркүйек. Kazakhstan Today - СҚО ТОН-2 құбырында болған апат салдарынан мұнай төгілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Петропвавл қаласынан 3 шақырым жерде "ҚазТрансОйл" АҚ Шығыс филиалының Солтүстік Қазақстан мұнай құбыры басқармасының ТОН-2 (Таймыс-Омбы-Новосібір) мұнай құбырының 1056-шы шақырымында құбыр жарылған.

Төтенше оқиға 13 қыркүйек күні 19 сағат 30 минутта "МТУ Кварц" ЖШС талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту кезінде орын алды. Соның нәтижесінде диаметрі 720 миллиметрлік құбыр жарылып, 1000 шаршы метрге 200 текшеметр мұнай төгілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Төтенше оқиғаны жоюға "ҚазТрансОйл" АҚ және "МТУ Кварц" ЖШС-ның жеке құрамының 50 адамы және 10 бірлік техникасы жұмылдырылды, олардың арасында Солтүстік Қазақстан облыстық ТЖД-ның 4 адамы мен 1 бірлік техникасы болды.

Құбырдың апаттық учаскесі жабылды, төгілген мұнайды жинау жұмыстары жүргізілуде. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны