16.11.2011, 11:45 3859

СҚО тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, екі бала зардап шекті

Сағат 15.29 Тайынша қаласындағы жер үйлердің бірінде тұтанған от 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 3 және 5 жасар екі бала күйік жарақаттарын алды.

Астана. 16-қараша. Kazakhstan Today - СҚО тұрғын үйлердің бірінде өрт шығып, екі бала зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйлерде болған өрттерде бір адам мерт болып, екі сәби зардап шеккен.

Кеше, 15 қараша күні СҚО-да екі өрт оқиғасы болды. Олардың бірі таңертеңгі сағат 6 жарымда Бұлаев қаласындағы жекеменшік тұрғын үйде болды. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің бес адамы мен екі техникасы жұмылдырылған. Жалын 72 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында 1956 жылы туған ер адамның мәйіті табылды.

Сондай-ақ, сағат 15.29 Тайынша қаласындағы жер үйлердің бірінде тұтанған от 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт салдарынан 3 және 5 жасар екі бала күйік жарақаттарын алды. Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны