16.06.2010, 14:26 2982

СҚО жүк поезының тоғыз вагоны рельстен шығып кетуі салдарынан теміржол қабаты бүлінді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15-маусымда сағат 15.30 СҚО Тимирязев ауданында Белоградовка - Ақсуат аялдамалары аралығындағы 220-шы шақырымда Екібастұз - Свердловск бағытында көмір артқан № 1612 жүк поезының 9 вагоны рельстен шығып кеткен.

Астана. 16-маусым. Kazakhstan Today - СҚО жүк поезының тоғыз вагоны рельстен шығып кетуі салдарынан теміржол қабаты бүлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 15-маусымда сағат 15.30 СҚО Тимирязев ауданында Белоградовка - Ақсуат аялдамалары аралығындағы 220-шы шақырымда Екібастұз - Свердловск бағытында көмір артқан № 1612 жүк поезының 9 вагоны рельстен шығып кеткен.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, поез 66 вагоннан тұрады. "Екі вагон жанына қарай құлап, жеті вагон рельстен шығып кеткен. 150 метр теміржол қабаты, бір байланыс желісінің бағаны бүлінді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. №1668 жүк поезы 13 сағатқа тоқтатылды",- деп айтылған баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны