04.03.2013, 17:49 3313

СҚО-да төрт адам мерт болып, тағы төртеу жарақаттанған ірі жол-көлік оқиғасы орын алды

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Астана. 4-наурыз. Kazakhstan Today - СҚО-да төрт адам мерт болып, тағы төртеу жарақаттанған ірі жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Тайынша ауданында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік апаты тіркелді, деп хабарланды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Тексеру амалдарының алдын ала болжамы бойынша, 3 наурызда Омбы-Көкшетау тас жолының 64 шақырымында "Ауди-100" көлігін басқарған Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны рульге ие бола алмай, қарсы бағытқа шығып, СҚО Уәлиханов ауданына қарасты Кішкенекөл ауылының 62 жастағы тұрғыны басқарған "Субару-Форестер" көлігімен соқтығысты.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Субару-Форестер" жүргізушісі және оның 56 жастағы жолаушысы оқиға орнына көз жұмды, тағы да екі жолаушы түрлі дәрежедегі жарақаттармен Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді.

Дене жарақаттарын алған "Ауди-100" көлігінің жүргізушісі және оның 39 жастағы жолаушысы Ақмола облыстық ауруханасына жеткізілді, тағы да 1949 және 1964 жылғы екі жолаушы оқиға орнында жан тапсырды.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабы, 3 бөлімінде қарастырылған қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыстық істі толық әрі жан-жақты тексеруге арналған қажетті тексеру амалдары жүргізілуде.

Айта кетейік, жыл басынан бері СҚО-да 60 адамның зардап шегіп, 12 адамның өліміне әкеп соққан 36 жол-көлік апаты тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде облыста 49 жол-көлік апаты тіркелген еді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны