31.05.2007, 10:19 6719

Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің Сарыбай кен басқармасында экскаватордың құлауы салдарынан екі машинист қаза тапты

АСТАНА. 31-мамыр. Kazakhstan Today. Қостанай облысы, Рудный қаласында Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің Сарыбай кен басқармасында экскаватордың құлауы салдарынан екі машинист қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат 30- мамырда 3 сағат 50 минутта болған. Экскаваторда 54 және 39 жастағы екі машинист болған. Олардың екеуі де оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны