04.09.2006, 12:00 2925

Солтүстік Қазақстан облысында 240 килограмм марихуана сатпақ болған Ресей азаматы ұсталды

АСТАНА. 4-қыркүйек. Kazakhstan Today. ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облыстық департаментінің қызметкерлері 240 килограмм марихуана сатпақ болған Ресей азаматын ұстады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бұл дерек бойынша ҰҚКД-нің тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің есірткілік заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау немесе бөтен адамнан беріп жіберу жөніндегі 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері 305 килограмм есірткілік заттар заңсыз айналымнан шығарылып, 15 қылмыстық іс қозғалып, 12 адам сотталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны