19.08.2009, 09:33 1293

Солтүстік Қазақстан облысында астық тиелген вагонның аударылуы салдарынан теміржол станциясында жолаушылар пойызының қозғалысыне кедергі келтірілді

Солтүстік Қазақстан облысында астық тиелген вагонның аударылуы салдарынан теміржол станциясында жолаушылар пойызының қозғалысыне кедергі келтірілді

Астана. 19 тамыз. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында астық тиелген вагонның аударылуы салдарынан теміржол станциясында жолаушылар пойызының қозғалысыне кедергі келтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданында Тайынша теміржол станциясында 18 тамызда сағат 16.55-те маневр жұмыстары кезінде 65 тонна астық тиелген вагон жантая құлады. Құрбан болған және зардап шеккен ешкім жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиғаның салдарынан Қарағанды-Мәскеу бағытындағы №83 жолаушылар пойызының қозғалысы 40 минутқа және Алматы - Петропавловск бағытындағы №15 жолаушылар пойызының қозғалысы 4 сағатқа кешеуілдеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жүк РФ Мәскеу облысының Москаленко станциясынан Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша теміржол станциясына жеткізілуі тиіс болған. Жүкті жіберуші - "Титан" фирмасы, алушы - "Биохим" АҚ.

Оқыс оқиғаны жоюға қалпына келтіруші пойыз, 30 адам мен 1 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖМ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны