13.04.2009, 09:33 1318

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам автокөлікпен өзенге мұздың астына батып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында екі адам автокөлікпен өзенге мұздың астына батып кетті

Астана. 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында екі адам автокөлікпен өзенге мұздың астына батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданы Ясновка ауылында Қамысақты өзенінде болған. 12 сәуірде сағат 13.25-те "Ауди" автокөлігімен жарқабақтан құлап, 27 жастағы жүргізуші мен оның 20 жастағы жолаушысы ұздың астына батып кетті. Мәйітті жергілікті тұрғындар судан шығарып алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны