26.04.2010, 10:02 1515

Солтүстік Қазақстан облысында екі бала ұраға құлап опат болды

Солтүстік Қазақстан облысында екі бала ұраға құлап опат болды

Астана. 26 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында екі сәби суы бар шұңқырға құлап кетіп, мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жазатайым оқиға 24-сәуірде түскі сағат 13.00-де Ғ.Мүсірепов ауданы, Ковыльное ауылындағы Школьный көшесінде болған. 3 және 4 жастағы екі бала ойнап жүріп абайсызда ішінде суы бар ұраға құлап, батып кеткен.

Жергілікті тұрғындар балалардың мәйіттерін 13 сағат 45 минутта судан алып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны