06.10.2008, 17:40 2727

Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты

Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты

Петропавловск. 6 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында екі тәртіп сақшысы жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 3 қазанда сағат 11.45-те республикалық маңызы бар Челябинск - Новосибирск тас жолының 693-ші шақырымында СҚО Мағжан Жұмабаев атындағы ауданының Фурмановка ауылынан 1 шақырым жерде "Казвторчермет"ЖШС жүргізушісі айдаған ЗИЛ-130 көлігі мен "Ауди-80" көлігі соқтығысқан.

"Жол апаты болған жердегі көлікте Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның ІІБ екі қызметкері : табиғат қорғау және мал дәрігерлік полициясының инспекторы лейтенант Еркін Шәріпов пен полицияның учаскалік инспекторы лейтенант Жәнібек Есмағзамов болған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

""Ауди-80" көлігі белгісіз себеппен жолдың қарсы бетіне шығып, ЗИЛ-130 көлігімен соқтығысқан. Жанасу салдарынан ЗИЛ-дің жанармай багы зақымданып, екі көлік те өртеніп кеткен, жүк көлігінің жүргізушісі көлігінен шығып үлгерген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сараптамалар жүргізілуде", -деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны