14.05.2010, 11:44 2450

Солтүстік Қазақстан облысында екі тәулікте 7 гектардан астам аумақта үш орман өрті шықты

Солтүстік Қазақстан облысында екі тәулікте 7 гектардан астам аумақта үш орман өрті шықты

Петропавловск. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында екі тәулікте 7 гектардан астам аумақта үш орман өрті шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 12 мамырда Қызылжар ауданындағы Красноярск орман шаруашылығында аралас орманда өрт шықты. Өрт аумағы 3,5 гектарды құрады, соның ішінде 1,5 гектары - орманды, 2 гектары - ормансыз алқап. Өртті Соколов МОБ 25 адамы мен 7 техникасын жұмылдыра отырып сөндірді.

Ал Жамбыл ауданындағы Чернолес орман шаруашылығында 4 гектар аумақтағы аралас орманда өрт шықты. Өртті сөндіруге Жамбыл Мемлекет орман басқармасының өрт-химиялық қызметінің 10 адамы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Бұған қоса 13 мамырда Қызылжар ауданындағы Виноградовский орман шаруашылығында 1,7 гектар аумақта өрт шықты. Өрт 14-ші өртке қарсы күрес қызметінің 1 бөлімі жұмылдырыла отырып сөндірілді. Өрттердің шығу себептері мен келген шығын көлемі есептеліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны