02.10.2009, 09:46 1686

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп-интернаттың тоғыз оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылды

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп-интернаттың тоғыз оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылды

Астана. 2 қазан. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында мектеп-интернаттың тоғыз оқушысы тамақтан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында 1 қазанда сағат 20.50-де орталық аудандық ауруханаға мектеп-интернатта 5-9 сыныптар аралығында оқитын 9 оқушы бастары айналғанын, жүректері айнып лоқсығанан айтып ауруханаға жатқызылған.

"Оқушылардың улану себептері анықталуда, талдау жүргізіліп жатыр. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны