22.04.2010, 12:00 1336

Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығында бес гектар аумақта өрт шықты

Солтүстік Қазақстан облысында орман шаруашылығында бес гектар аумақта өрт шықты

Петропавловск. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысындағы Шал ақын ауданында "Ровное" орман шаруашылығында бес гектар аумақта өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today СҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "21 сәуірде сағат 17.05-те "Ровное" орман шаруашылығындағы "Сардоневые дачи" орман массивінде өрт шықты. Өрт 5 гектар аумақты шарпыды".

Өртті сөндіруге 28 адам мен 5 техника жұмылдырылды. Қазір өрттің шығу себебі анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны