10.01.2007, 10:29 2609

Солтүстік Қазақстан облысында өрт 20 тонна арпаны жалмады

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында "Рощинское ХПП" ЖШС-іне қарасты астық дақылдарын сақтайтын қоймада шыққан өрт 20 тонна арпаны жалмады. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Тайынша ауданының Рощинское ауылындағы астық қабылдау бөлімшесіндегі өрт сейсенбі күні 1 сағат 15 минутта шыққан. "Өрт 1200 шаршы метр аумақты шарпыды. Қойманың шатыры құлады. Жалын 20 тонна солод арпасын жалмады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өрт таңертеңгі 9 сағат 20 минут шамасында ғана сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 20 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны