05.01.2007, 10:18 2949

Солтүстік Қазақстан облысында шаруа қожалығы басшысының отбасына жасалған қарақшылық шабуыл ашылды

ПЕТРОПАВЛ. 5-қаңтар. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлют ауданының Белое ауылында орналасқан "Көкөніс" шаруа қожалығы басшысының отбасына жасалған қарақшылық шабуыл әшкереленді деп хабарлады Kazakhstan Today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысның ІІД баспасөз қызметінен.

Кеше өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысының ІІД бастығының орынбасары Александр Меньшихтің айтуынша, аса қатыгездікпен жасалған шабуыл Жаңа жылға бір апта қалғанда - 23 желтоқсан күні болған. "Кешкі сағат ондар шамасында 49 жастағы отағасы иттің үргенінен есік алдына шыққан кезде оған қаперсізде бетперде киген үш бейтаныс адам тап берген", - дейді полицей.

Қылмыскерлер үй иесі мен оның жұбайын жапсырғышпен байлап, үстеріне жанармай шашып, оларды пышақ салып қинай отырып ақша талап еткен. Отағасы оларға 1 млн. 30 мың те?ңе бергеннен кейін қылмыскерлер екеуін теледидар сымымен байлап, бастарына дорба кигізіп, жапсырғышпен таңып артынша бой тасалаған.

Үй иесі бірнеше сағаттан кейін өзін өзі босатып алып, көмекке жүгірген. Бұл уақытта оның әйелі жан тапсырған.

Полицейлер болған оқиғаның бірнеше болжамын қарастырды. Нәтижесінде Белое ауылының барлық тұрғындарына сұрау жүргізіліп, шабуыл болған күні ауылда көзге түскен барлық автокөліктер қатаң бақылауға алынды.

Үш тәулік ішінде полицейлер қылмыскерлер мен олардың жүрген жерлерін анықтады. Бұлар Петропавлға Ресей Федерациясының Минеральные Воды қаласынан келген екі ағайынды жігіт пен олардың Шешенстан аумағындағы екі адам өлімі үшін федеральдық іздеуде жүрген таныстары екені анықталды. Үш қылмыскер де қылмыс жасағаннан кейін поездбен Минеральные Воды қаласына аттанып кеткен. "Солтүстік Қазақстандық полицейлердің берген бағдары бойынша ресейлік милиция қызметкерлерін Волгоградта поезд купесінде ұстады.

Сонымен қатар, қарақшылық шабуылға арнайы күзет қызметінің 27 жастағы қызметкерінің де қатысы бар болып шықты. "ІІД басшылары мен қатардағы қызметкерлер осы оқиға таң қалып, қызметін сатқан сатқынға өз бағаларын бере отырып, өмірлік сабақ алды", - деді А. Меньших.

Қазіргі уақытта қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны