14.07.2008, 18:16 2764

Солтүстік Қазақстан облысында суға батып кеткендер саны өсе түсуде

Солтүстік Қазақстан облысында суға батып кеткендер саны өсе түсуде

Петропавловск. 14 шілде "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында шілденің 10 мен 14 аралығында суға батып кеткендер саны 7 адамды құрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық судан құтқару қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шілденің 10 мен 14 аралығында облыстағы су қоймаларында 7 адам суға батып кеткен, оның бесеуі Петропавловск тұрғындары. Осы күндерде 49 адам құтқарылды.

Адамдардың өліміне қауіпті жерлерде суда жүзу мен мас күйінде жүзу себеп болуда. Жалпы алғанда, ағымдағы жылы 14 адам суға батып кеткен, ал өткен жылдың осы мерзімінде ондай көрсеткіш - 10 болған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны