30.11.2006, 10:07 2720

Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 30-қараша. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында тұрғын үйдегі өрт салдарынан бес адам қаза тауып, біреуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Уәлиханов ауданы Кішкенекөл ауылында 28-қарашада 20 сағат 20 минутта қамыстан салынған екі пәтерлі тұрғын үйдегі бір пәтерде өрт шыққан. Ол 80 шаршы метр аумақты шарпыды. Үйіндіні аршыған кезде бес адамның жанып кеткен мәйіті табылып, тағы бір күйікке ұшыраған адам ауруханаға жатқызылды.

Өрт салдарынан екінші пәтердің 80 шаршы метр аумақты қамтыған шатыры жанып кетті. Өрт 00 сағат 45 минутта шоғырландырылып, 4 сағат 35 минутта ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өртке қарсы күрес қызметінің күштері 17 адам мен 2 техниканың күшімен сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны