16.01.2007, 10:57 2825

Солтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды

АСТАНА. 16-қаңтар. Kazakhstan Today. Солтүстік Қазақстан облысында жай үйдегі өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кеше кешке Булаево қаласындағы бір жай үйде өрт шыққан. "81 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде 51 жастағы ер адам мен 56 жастағы әйелдің мәйіттері табылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметі екі сағатта сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны