13.01.2010, 09:57 1882

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды

Солтүстік Қазақстан облысында жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды

Астана. 13 қаңтар. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстан облысында жол апатының салдарынан бір адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл ауданында Пресновка - Қайранкөл тас жолының 33-ші шақырымында кеше сағат 09.48-де ВАЗ және УАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан 37 жастағы ВАЗ көлігінің жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды; ал осы көлікте отырған 55 жастағы ер адам, 44 жастағы УАЗ жүргізушісі мен 25, 31 және 19 жастағы жолаушылар түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, "Алматы қалалық құтқару қызметі" ҚКК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Алматыда сағат 01.11-де Сәтпаев пен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында "Ауди" көлігінің жүргізушісі 64 жастағы ер адамды соғып кетті, ол жарақат салдарынан оқыс оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны