30.06.2009, 09:54 2888

Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жол апаттарынан төрт адам қаза тапты

Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жол апаттарынан төрт адам қаза тапты

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында жол апаттарынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Алматы - Талғар - Маловодное тас жолының 34-ші шақырымында 29 маусымда сағат 11.30-да "Хонда" автокөлігінің жүргізушісі ағашқа соғылды.

Апат салдарынан 34 жастағы жүргізуші мн оның жолаушысы оқиға орнында опат болды.

Сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында Еленовка - Чистополье тас жолының 108-ші шақырымында сол күні сағат 17.00-де ЗАЗ-968 көлігінің 35 жастағы жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен оның 36 жастағы жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны