20.09.2006, 18:10 2954

Соңғы мәліметке сәйкес, Ленин атындағы шахтада қаза тапқан 32 адамның мәйіті табылды, сегіз адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Соңғы мәліметке сәйкес, Ленин атындағы шахтада қаза тапқан 32 адамның мәйіті табылды, сегіз адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде

ҚАРАҒАНДЫ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Соңғы мәліметке сәйкес, Ленин атындағы шахтада қаза тапқан 32 адамның мәйіті табылды, сегіз адамды іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазіргі жағдаймен 11 мәйіт жер бетіне шығарылды. Тағы үш адам әл үстінде ауруханаға жеткізілді. Сегіз кеншіні іздестіру жұмыстары жалғасуда",- деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін 8 сағат 56 минутта "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ына қарасты Ленин атындағы шахтаның қазба бөлімінде метан жарылып, оның арты өртке ұласты. Сол сәтте кен орнында 620 метрлік тереңдікте 374 адам болған. 300-ден астам адам жарылыс бола сала жер бетіне шықты.

Прокуратура ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "тау-кен жұмыстары кезінде нысандарда қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан абайсызда адамдарды өлімге душар ету" жөніндегі 245-бабы, 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғады.

"Миттал Стил Теміртау" АҚ көмір департаментінің кәсіподақ ұйымы қаза тапқан кеншілердің отбасылары 1,5 млн. теңгеден өтемақы алады деп сендіруде.

Шахтадағы жарылыс дерегі бойынша үкіметтік комиссия құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны