28.07.2008, 13:27 1432

Стамбулда болған жарылыстардың салдарынан 16 адам қаза тапты, жеті адам ауыр жағдайда

Стамбулда болған жарылыстардың салдарынан 16 адам қаза тапты, жеті адам ауыр жағдайда

Алматы. 28 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Стамбулда жексенбі күні кешке болған екі жарылыстың салдарынан 16 адам қаза тапты, жеті адам ауыр жағдайда. Бұл туралы бүгін Түркияның денсаулық сақтау министрі Реджеп Акдаг мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Жарылыстардың салдарынан 154 адам зардап шеккен. Олардың бәрі де жергілікті тұрғындар. ҚР СІМ-нің хабарлауынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ.

Жарылыстар жексенбі күні Гюнгер ауданында арасына бірнеше минут салып тізбектеле болған. Жарылғыш заттар қоқыс салатын контейнерлерде болған. Түркияның билігі бұл оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны