21.05.2010, 09:52 3188

Степногорск қаласында балабақшаның жеті тәрбиеленушісі мен тәрбиешінің көмекшісі тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды

Степногорск қаласында балабақшаның жеті тәрбиеленушісі мен тәрбиешінің көмекшісі тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды

Астана. 21 мамыр. Kazakhstan Today - Степногорск қаласында №3 балабақшаның жеті тәрбиеленушісі мен тәрбиешінің көмекшісі тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "бүгін сағат 04.30-да қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне тамақтан улану салдарынан 3 пен 6 жас аралығындағы жеті бала жатқызылды".

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, "№3 балабақшаның тәрбиешісінің көмекшісі - 29 жастағы жігіт пен №1 орта мектептің 3 сыныбында оқитын 10 жасар бала ауруханаға жатқызылған".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "зардап шеккендердің жағдайы орташа деңгейде".

Улану себептері жайлы ТЖМ хабарламасында айтылмаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны