20.02.2009, 14:02 2569

Степногорск қаласында су таратқышта тағы да апат болды, қалада төртінші күн су болмай отыр

Степногорск қаласында су таратқышта тағы да апат болды, қалада төртінші күн су болмай отыр

Астана. 20 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Степногорск қаласында магистральдық су таратқышта тағы да апат болды, апаттың салдарынан қалада төрт күн бойы су болған жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі қалалық әкімдіктің хабарламасына сілтеме жасап.

Икімдіктің ақпаратына сәйкес, апат магистральдық су таратқыштың 20-шы шақырымында болған. Су таратқыш бірінші апаттың салдарын жоюға бағытталған дәнекерлеу жұмыстары аяқталған соң қайта су жіберген кезде жарылған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Степногорск қаласында 17 ақпанда су қамтамасыздығы тоқтатылып, жылу мен электр қуатын беруге де шектеулер енгізілді.

"2008 жылы қаланы сумен қамтамасыз ететін магистарльдық су құбырын жаңалауға республикалық бюджеттен 457 млн теңге бөлген. Ол сын көтермейтін жағдайда болған және жедел жөндеуді талап ететін басымдық берілген нысандардың тізіміне енгізілген. Бұдан басқа балама су көзі жоқ", - деді Степногорск әкімінің орынбасары Ольга Титова.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, "жергілікті телеарна арқылы қала әкімі Андрей Никишовтың апат болған сәттен бастап селеті гидроторабының магистральдық су құбыры жарылуға байланысты тұтынушыларға ауыз су беріге шектеу енгізілгендігі туралы және қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімдемесі сағат сайын қайталанып берілуде".

Қалалық мәслихаттың хатшысы Ғалия Көпееваның айтуынша, депутаттар жақында қаланы жылу қуатымен қамтамасыз ететін "Джет-7" ЖШС басшылығына арнап мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, "тек 2009 жылдың қаңтар айында мәслихатқа тұрғындардан пәтерлердің суықтығы туралы 73 қоңырау келіп түскен".

Облыс әкімі Альберт Раудың сайтына тұрғындар сауалдарды жаудыруда. Олар өңір басшысынан жағдайдың қашан түзелетінін сұрайды. "Балаларды балабақшаға қабылдамай жатыр, ауруханаларда операциялар түгілі тіпті жарақатты таңып бермейтін болды. Тамақтанатын, баланы шомылдыратын, тіпті жай су ішетін жағдай жоқ", - дейді олар. Тұрғындар президентке арнап мәлімдеме жазып дайындаған, онда қалада расында да қиын жағдай қалыптасқанын хабарламақшы.

"Мен 13 ақпанда мемлект басшысының қабылдауында болдым және Жылу электр орталығының ахуалы жайлы оған баяндап бердім, егер ЖЭО акционерлері оның тұрақты жұмыс істеуі үшін түбегейлі шара қолданбайтын болса, орталықты мемлекеттік меншікке қайтару қажет екендігін жеткіздім", - деп жазады А. Рау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны