15.04.2010, 10:50 1500

Степногорск қаласында тұрғын үй ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты 112 адам сыртқа шығарылды

Степногорск қаласында тұрғын үй ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты 112 адам сыртқа шығарылды

Астана. 15 сәуір. Kazakhstan Today - Степногорск қаласында тұрғын үй ғимаратында жарылғыш зат орнатылғаны туралы жалған ақпаратқа байланысты 112 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше сағат 12.55-те "02" пультіне тоғызыншы ықшамаудандағы тоғыз қабатты үйдің кіреберісінде жарылғыш зат орнатылғаны туралы жасырын ақпарат келіп түсті. Үйден 112 адам сыртқа шығарылды. Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны