30.03.2022, 17:23 9336

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін ұсталған Қайрат Сатыбалдының жұбайына қатысты тергеу жүргізуде

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін ұсталған Қайрат Сатыбалдының жұбайына қатысты тергеу жүргізуде
Сурет: Depositphotos
ШЫМКЕНТ. 30 НАУРЫЗ - Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2021 жылы аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Әңгіме нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін төленген 747 млн теңге туралы болып отыр, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
 
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды. 
 
Бұған дейін хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған соты Қайрат Сатыбалдыны екі айға қамауға алуға санкция берген. Кәсіпкер 13 наурызда "Қазақтелеком" АҚ қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен ұсталды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны