09.01.2022, 16:23 421

Тұрғымбаев: үш жүзге жуық адам Қазақстаннан кетуге тырысты

Тұрғымбаев: үш жүзге жуық адам Қазақстаннан кетуге тырысты
Сурет: ҚР ҚМ
НҰР-СҰЛТАН. 9 ҚАҢТАР - Үш жүзге жуық адам Қазақстаннан кетуге тырысты. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.
 
Тұрғымбаевтың айтуынша, 6 және 7 қаңтарда Тараз бен Талдықорғанда аса ауыр қылмыстар бойынша сотқа тартылғандар отырған тергеу изоляторларына бірнеше рет қарулы шабуыл жасалған. 
 
Сонымен қатар, әскери бөлімдер мен блокбекеттерге шабуыл жасалды. Бұл әрекет қару-жарақ пен ұрыс техникасын қолды қылу мақсатында жасалды.
 

Жалпы ел бойынша тәртіпсіздіктер барысында 400 данадан аса автокөлік бүлініп, жойылды, оның ішінде 346-сы ішкі істер органдарына тиесілі. Мародерлер 100-ден аса ірі сауда мен банк нысанын тонады. Алдын ала шығын - 87 миллиард теңгеден асады. Қылмыскерлер билік органдарының абыройын түсіру үшін полиция қызметкерлерінің, әскерилердің формасын киіп, заңға қайшы әрекеттер жасады", - деді Тұрғымбаев.

 
Оның айтуынша, мемлекеттік шекарадан заңсыз өту әрекеті кезінде шамамен үш жүз адам ұсталған, олар автокөліктермен және жаяу елден кетпек болған. Олардан қару-жарақ тәркіленді, ұрланған материалдық құнды заттар алынды, оның ішінде ұялы телефондар, отандық және шетел валютасындағы ірі мөлшердегі қаражат бар.
 
Қазіргі уақытта елде заңдылық пен тәртіпті қалпына келтіру үшін контртеррористік операция жалғасып жатыр.
 
Ақпарат көзі: tengrinews.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны