09.11.2021, 19:51 65597

Түркістан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 380 млн теңгеге заңсыз субсидия алды

Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен.
Түркістан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 380 млн теңгеге заңсыз субсидия алды
ТҮРКІСТАН. 9 ҚАРАША - Қаржылық мониторинг агенттігінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаменті 8 шаруа қожалығының басшыларына қатысты 380 млн теңгеге субсидияны заңсыз иелену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Шаруа қожалықтарының басшылары "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидия алуға өтінім берген кезде жалған мәліметтерді көрсеткен. Атап айтқанда, олар Ресей Федерациясынан ірі қара малды сатып алуды және әкелуді растайтын жалған құжаттарды ұсынған", - деп хабарлады ҚР ҚМА баспасөз қызметі.

 
ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық инспекциясының деректеріне сәйкес аталған заңды тұлғалар ірі қара мал сатып алуға өтінім жібермеген және оларды РФ-дан әкелу бойынша бағыттық қағаздарды алған жоқ.
 

Аталған шаруа қожалықтарына заңсыз төленген субсидиялардың жалпы сомасы 380 миллион теңгені құрады, ал несиенің жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден асты", - деп толықтырды ведомствода.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны