12.10.2006, 10:00 2944

Тағы бір шахтердің мәйіті Ленин атындағы шахтадан табылды; комиссия мүшелері көмір департаментінен түсінік беруді талап етуде (түзетілген)

Түзету мәйіті табылған кеншінің аты-жөніне байланысты

ШАХТИНСК. 12 қазан. Kazakhstan Today. Ленин атындағы шахтада 20 қыркүйек күні метанның жарылуы салдарынан қаза тапқан 41 адамның тағы біреуінің мәйіті табылды; құрамына кеншілер мен кәсіподақтар кірген келістіруші комиссиясының мүшелері көмір департаменті басшыларынан іздестіру- құтқару жұмыстары барысы жөнінде түсінік беруді талап етуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кен шебері 47 жастағы Александр Кныштың мәйіті анықталды. Бұл ақпаратты облыс әкімінің орынбасары Серікжан Қанаев ресми түрде растады( осыған дейін ақпарат көздері Андрей Маркустың денесі табылғаны жөнінде хабарлаған болатын).

Марқұмның денесін жұмысшылар дүйсенбіге қараған түні тауып алды. Шахтерлардың айтуынша, әріптестерінің мәйіті "шахтаның апат болған бөлігінен емес, жұмысшы забойынан" табылған. Жұмысшылардың тұспалы бойынша, А.Кныш дер кезінде көмек көрсетілмегеннен қаза тапқан, себебі оның денесінде көзге көрінер жарақат жоқ.

Айта кетейік, 5 қазан күні , іздестіру құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін екі апта өткен соң , Ленин ат. шахтада екі шахтердың 44 жастағы Александр Степляков пен 39 жастағы Еркін Қызырбаевтың мәйіттері табылған, олар жарылыс кезінде мерт болғандар санатында еді. Куәгерлердің сөздеріне қарағанда, марқұмадардың денелерінде де көзге көрінер жарақат болмаған. Шахтерлердің пікірінше, ес -түстерін ілмей жатқан әріптестерін дер кезінде анықтамаудың салдарынан, олар мерт болған.

"Қорғау" кәсіподағы төрағасының орынбасары Виктор Зориннің айтуынша, Шахтинск әкімдігінде жұмыс істеп жатқан келістіруші комиссия мүшелері құтқарушылардың жұмыстарына наразы. "Біз іздестіру шараларын жүргізген әскерилендірілген кен құтқарушыларының жұмыстарына риза емеспіз. Біз көмір департаментінің бастығынан атқарылған шаралар туралы комиссия алдында есеп беруін сұраймыз",-деді В. Зорин.

Осыған дейін айтылғандай, 20 қыркүйекте Ленин атындағы шахтада метанның жарылуы салдарынан 41 шахтер мерт болды. Метан жарылысының қуаттылығы соншалықты, тіпті кейбір шахтерлардың денелері бір шақырым жерге дейін ұшып кеткен, қаза тапқандарды іздестіру 4 шақырымдық радиуста жүргізілді.

Апаттың салдарын тексерген үкіметтік комиссия , кен жұмыстарын жүргізу барысында техникалық қауіпсіздіктің және еңбекті қорғау шараларының қатаң бұзылуы апатқа себеп болды деген қортынды жасады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны