30.12.2009, 10:22 2948

Таиланд елінде жол апатынан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің PR-бөлімінің директоры мен "Сезон" журналының бас редакторы қаза тапты

Таиланд елінде жол апатынан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің PR-бөлімінің директоры мен "Сезон" журналының бас редакторы қаза тапты

Алматы. 30 желтоқсан. Kazakhstan Today - Таиланд елінің Паттайя курортында сәрсенбіге қараған түні жол апатынан "Интерфакс-Қазақстан" агенттігінің PR-бөлімінің директоры Ирина Голдырева мен "Сезон" журналының бас редакторы Жанна Мушраунова қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл қайғылы оқиға туралы "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне И. Голдыреваның жұбайы Дмитрий Жаров телефон арқылы хабарлаған.

"Қазақстанның Таиланд еліндегі дипломатиялық миссиясының қызметкерлері болған оқиғадан хабардар және жол апаты болған жерге қарай шықты, қаза тапқандардың туыстары мен олардың балаларына қаза тапқандарды отанына жеткізуге көмектесу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Ільяс Омаров.

Белгілі ақпаратқа сәйкес, жол апатынан Ж. Мушраунованың қызы Зарина ауыр жарақаттанған, ол ауруханада жатыр.

Алдын-ала бейресми мәліметке сәйкес, екі әйел мен жасөспірім қызды Паттайя курортындағы бір қонақүйдің маңында жолдан өтіп бара жатқанда бір көлік соғып кеткен. Олардың алдында ғана Д. Жаров ұлы Егормен және И. Голдыреваның бірінші отбасынан тапқан ұлы Акиммен бірге өтіп шыққан.

Д. Жаровтың айтуынша, жол апатына кінәлі жергілікті тұрғын оқиға орнынан қашып кеткен.

Ж. Мушраунованың Заринадан басқа Эрик атты ұлы бар. И. Голдыреваның екі баласы бар.

Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің редакциясы қаза тапқандардың туыстары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны