29.04.2013, 13:58 4925

Таиландта көпір құлап бес адам қайтыс болды

Таиландта аспалы көпір құлап кемінде бес адам қайтыс болып, 45 адам жарақат алды, деп бүгін жергілікті БАҚ мәлімдеді.

Астана. 29-сәуір. Kazakhstan Today - Таиландта көпір құлап бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Таиландта аспалы көпір құлап кемінде бес адам қайтыс болып, 45 адам жарақат алды, деп бүгін жергілікті БАҚ мәлімдеді.

Апат Бангкоктан солтүстікке қарай шамамен 70 км жерде Аюттхайя провинциясы аумағында орналасқан. Көпірдің құлауына тростардың бірінің үзілуі себеп болған.

Дәрігерлер зардап шеккен жеті адамның хәлі мүшкіл екенін айтады.

Жергілікті ақпарат құралдарының айтуынша, көпір бір жыл бұрын ғана жөндеуден өткен. Бұл мақсатта 273 мың $ бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны