08.11.2011, 13:14 3405

Тайванда 6,9 балдық жер сілкінісі болды

Магнитудасы 6,9 жер сілкінісі Тайванның солтүстік-шығысында болған.

Астана. 8-қараша. Kazakhstan Today - Тайванда 6,9 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Интерфакс Қазақстан ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, магнитудасы 6,9 жер сілкінісі Тайванның солтүстік-шығысында болған. Бұл туралы АҚШ-тың Ұлттық геологиялық қызметінен хабарлап отыр.

Сейсмологтардың деректеріне қарағанда, жер сілкінісінің ошағы 12,7 км тереңдікте және жапондық Окинавадан солтүстік-батысқа қарай 215 км, Тайпейден солтүстік-шығысқа қарай 500 км жерде болған.

Құрбан болғандар туралы деректер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны