20.06.2008, 09:26 1235

Талдықорған мен Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тауып, он үші ауруханаға жатқызылды

Талдықорған мен Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тауып, он үші ауруханаға жатқызылды

Астана. 20 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорған мен Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тауып, он үші ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 19 маусымда сағат 02.00-де Алматы облысының Талдықорған қаласында "БМВ" және "Ниссан-Премьера" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Ниссан-Премьера" көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. "БМВ" жүргізушісі мен оның бес жолаушысы, сондай-ақ, "Ниссан-Премьераның" жүргізушісі мен оның бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, 19 маусымда 15 сағат 40 минутта Қызылордада Талсуат елдімекенінің жанындағы жолда "Фольксваген-Вента" және "Фольксваген-Пассат" көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Фольксваген-Вента" жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны