02.09.2007, 13:14 2697

Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесіне қарақшылық шабуыл жасалды

Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесі тоналып, кассир қыз өлтірілген. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 2 қыркүйек. ТАЛДЫҚОРҒАН. Талдықорғанда ақша айырбастау бөлімшесі тоналып, кассир қыз өлтірілген. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісіне Алматы облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Талдырқорғанның ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 25-жастағы қыздың - ақша айырбастау бөлімшесі кассирінің көптеген пышақ жарақатын алған өлі денесі табылды деген хабар келіп түскен.

"Қылмыс болған жерде қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы облыстық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жалғастыруда",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицейлер айырбастау бөлңмшесінің кіретін есігі бүлінбегендігін нақтылап өтті, "жәбірленуші қарақшылардың қорқытуынан оларға есікті өзі ашқан деген болжам жасауға болады".

"Қазіргі уақытта ұрланған ақша көлемі анықталып жатыр",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны