10.04.2013, 15:57 3437

Талдықорғанда анасы екі жасар ұлын 30 мың долларға сатпақ болған

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел шара өткізген.

Талдықорған. 10-сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғанда анасы екі жасар ұлын 30 мың долларға сатпақ болған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, Талдықорған қаласындағы қонақ үйлердің бірінде облыстық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері жедел шара өткізген.

"Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы қызметкерлеріне облыс орталығының тұрғыны өзінің екі жастағы ұлын сатады деген ақпарат келіп түсті. Тексеріс кезінде бұл мәлімет расталған. Полицейлер Талдықорғандағы қонақ үйлердің бірінде баланы сатпақ болған екі әйелді ұстады. Оның біреуі баланың анасы, ал екіншісі әжесі болып шыққан",-деді К.Нұрахмет.

Баспасөз қызметі жетекшісінің мәліметіне қарағанда күдіктілерден айғақ зат ретінде алдын ала берілген 13900 АҚШ долларын тәркіленген. Екі әйел баланы 30 мың долларға бағалапты.

Кәмелетке толмағанды сату фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 133 бабы, 3 бөлімімен қылмыстық іс қозғалды. Екі жасар сәби Талдықорған қаласындағы балалар үйіне жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны