17.04.2013, 11:14 3091

Талдықорғанда әскери қызметші өз-өзіне қол салды, денесінің жанынан өлер алдында жазылған хат табылды

Дүйсенбі, 16 сәуір күні Жолда жүру ережелерін оқыту сыныбында ҚР ІІМ Ішкі әскері №5514 әскери бөлімшесі автотехникалық қамтамасыз ету взводының 32 жастағы нұсқаушысы, сержант Бауыржан Қарықбаев өзін атып өлтірді. Басына атылған оқ жарақаты бар мәйітті аталмыш бөлімшеде мерзімді қызметті өткеріп жүрген қатардағы сарбаз тапты.

Талдықорған. 17-сәуір. Kazakhstan Today - Талдықорғанда әскери қызметші өз-өзіне қол салды, денесінің жанынан өлер алдында жазылған хат табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Еліміздің күш құрылымдарында өз-өзіне қол салдың кезекті оқиғасы орын алды.

Дүйсенбі, 16 сәуір күні Жолда жүру ережелерін оқыту сыныбында ҚР ІІМ Ішкі әскері №5514 әскери бөлімшесі автотехникалық қамтамасыз ету взводының 32 жастағы нұсқаушысы, сержант Бауыржан Қарықбаев өзін атып өлтірді. Басына атылған оқ жарақаты бар мәйітті аталмыш бөлімшеде мерзімді қызметті өткеріп жүрген қатардағы сарбаз тапты.

Алматы облыстық прокуратурасының мәліметінше, дәл тиген оқ Макаров тапаншасынан атылған. Мәйіттің жанынан өлер алдында жазылған хат табылды.

Искери қызметшінің артында кәмелеттік жасқа толмаған екі баласы қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны