17.09.2010, 15:49 3197

Талдықорғанда "Ауди" көлігінің жүргізушісі қарт әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан бой тасалаған

Талдықорғанда "Ауди" көлігінің жүргізушісі қарт әйелді қағып кетіп, тоқтамастан оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Талдықорған. 17 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорғанда "Ауди" көлігінің жүргізушісі қарт әйелді қағып кетіп, тоқтамастан оқиға орнынан бой тасалаған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Алматы облысының ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, "көліп апаты 16-қыркүйек күні сағат 22.30 "Жастар" ықшамауданында болған. 55 жастағы әйелді қағып кеткен "Ауди" көлігінің жүргізушісі тоқтамастан оқиға орнынан бой тасалаған".

Бірақ, ІІД хабарлауынша "зардап шеккен әйел көліктің нөмірін есіне сақтап қалып, полицияға хабар берген". Бір сағат өткеннен кейін аталмыш көлік қаланың орталық даңғылына орнатылған ІІД жедел басқармасының бақылау камерасының "қармағына ілінген. 29 жасар жүргізуші ұсталды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны