30.12.2008, 16:24 3039

Талдықорғанда екі кісінің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді

Талдықорғанда екі кісінің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді

Талдықорған. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Талдықорғанда 23 қарашада болған екі кісінің өліміне қатысты қылмыс әшкереленді. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет апталық брифингте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, 23 қарашада жәбірленушілерге тиесілі жер үйде үйдің иелері: 1933 жылғы әйел мен оның 1956 жылғы ұлының мәйіттері табылған. Олар көптеген пышақ жарақаттарынан қаза тапқан. Пышақ үйге таяу жерден табылып, сараптамаға жіберілді.

"Бұл өлімдерге тонаушылық немесе кекшілдік себеп болды деген жорамал жасалды. Оның бәрі де тексеріліп, бір жорамал расталды: қылмыс пайдакүнемдіктен жасалған", - деді К.Нұрахмет.

Оның айтуынша, бір айдан кейін Талдықорғанда жергілікті бір тұрғын мен Павлодар облысының тумасы күдіктілер ретінде құрықталды. Олардың екеуі де бұған дейін сотталған: біреуі - үш мәрте, екіншісі - бір рет сотталған.

Қазір олар қылмыстарын мойындады, олардан жәбірленушілерге тиесілі ұялы телефондар алынды. Қылмыс жаңа технологияларды пайдалану арқасында әшкереленді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны