29.09.2008, 11:36 1474

Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен ауруханаға жатқызылған сегіз баланың үшеуі ауруханадан шықты

Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен ауруханаға жатқызылған сегіз баланың үшеуі ауруханадан шықты

Астана. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен ауруханаға жатқызылған сегіз баланың үшеуі ауруханадан шықты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 5 - 10 жас аралығындағы үш бала кеше ауруханадан шыққан. Қалған балалардың жағдайы қанағаттанарлық.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Талдықорғанда энтеровирусты жұқпалы дерт деген күдікпен 8 бала ауруханаға жатқызылған. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 26 қыркүйекте Талдықорғандағы жұқпалы аурулар ауруханасына "Басқару негіздерінің мектебі" атты мемлекеттік емес ұйымнан 20.00 мен 03.00 аралығында 3 - 10 жас аралығындағы 8 бала "энтеровирусты инфекция" деген диагнозбен жатқызылған.

"Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалалық санитарлық-эпидемилогиялық қадағалау басқармасының комиссиясы зертханалық тексерулерге сынама алды", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны