16.06.2016, 21:59 9032

Талдықорғанда полицейді өлтірген ауылдық тұрғын ұсталды

15-інен 16 маусымға қараған түні Талдықорған қалалық ауруханасына пышақ жарақаттарымен есірткі бизнесімен күрес басқармасыныӊ уәкілетті өкілі, полиция капитаны Азамат Мұртбаев жеткізілді. Бүгін таӊертеӊ дәрігерлердіӊ жан салып күрескеніне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды

Талдықорған. 16 маусым. Kazakhstan Today - 15-інен 16 маусымға қараған түні Талдықорған қалалық ауруханасына пышақ жарақаттарымен есірткі бизнесімен күрес басқармасыныӊ уәкілетті өкілі, полиция капитаны Азамат Мұртбаев жеткізілді. Бүгін таӊертеӊ дәрігерлердіӊ жан салып күрескеніне қарамастан, ол жансақтау бөлімінде көз жұмды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Полицейдіӊ қалалық дәмханалардыӊ бірінде мас ер адам әйелге өрескел тиісіп жатқанына куә болғаны анықталды. Азамат Мұртбаев мас жігіттіӊ бұзақылық әрекетін тоқтатуға тырысқан сәтте, әлгі полицейге қарсы ұмтылып, оған пышақ жұмсаған, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Күдікті полицейге бірнеше жерден пышақ салып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Факті бойынша ӨР ҚК 106-бабында көзделген сот алды тергеу басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны