08.09.2011, 09:25 2938

Талдықорғанда жеке үйде газдың жарылуы салдарынан екі адам қаза тапты

Өрт сағат 19:12-де оқшауланып, 19:45-те сөндірілді.

Астана. 8-қыркүйек. Kazakhstan Today - Талдықорғанда жеке үйде газдың жарылуы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Талдықорғанда 5 қабатты жеке үйде газ жарылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Алматы облысы Талдықорған қаласында 4-шi ша., 35 үй, 13 пәтер, 5-қабатты тұрғын үйде сағат 18.41-де газ ауа қоспалары жарылып, оның жалыны 4 қабаттағы пәтерге шарпыды. Екпінді толқын 7,8 пәтердің (2-қабатта), 11, 12 пәтердің (3-қабатта) және 16 пәтердің (4-қабатта) кіретін есіктерін қиратқан", - делінген хабарламада.

Өрт сағат 19:12-де оқшауланып, 19:45-те сөндірілді.

Өрттің аумағы 56,6 шаршы метрді құрады. Өрт сөндіру барысында екі адамның мәйіті табылды. Ал күйік шалған №16 пәтердің тұрғыны 1947 жылы туған азамат Т. Қойшыбаев пен №17 пәтердің тұрғыны 1982 жылы туған азаматша Н. Батырбекова ауруханаға жатқызылды.

50 адам көшірілді, олардың 25-сі бала.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны